Психологиялық қызмет

Рассмотренных обращений: 1
Не рассмотренных обращений: 1

Тақырыбы: «Бақшамызға саяхат»
Автор: Кешкі мектеп

Мұғалімдерге арналған тренингтер

Мұғалімдерге арналған тренингтер

 

      Мектеп мұғалімдеріне арналған  тренинг олардың бойындағы мынадай маңызды сапаларды: кәсіби іс-әрекеттердің эффективті индивидуалды стилін қалыптастыру; оқушылармен, олардың ата-аналарымен, мектеп басшылығымен, әріптестерімен  сонымен қатар өз отбасы мүшелерімен ойдағыдай қарым-қатынас жасай алуын қалыптастырып, дамыту үшін қажет. Мектептегі оқушылардың басым көпшілігінің тәртібі "қиын", болғандықтан тренинг жаттығулары мұғалімдерге оқушылармен қарым-қатынастың тиімді жолдарын шешудің жолын қарастырады. Тренингке қатысушы мұғалімдер жаттығу барысында басқалардың іс-әрекетін бақылай отырып, өз мүмкіндіктерін бағалайды, эмоционалдық тұрғыда көңіл-күйлерінің орнығып, жұмысқа қабілеттері артады. Тренингке мұғалімдер ерекше қызығушылықпен қатысады.

 

«Мектеп директоры» жаттығуы.

 

    Мақсаты: Мектеп директорымен  қарым-қатынас жасаудың эффективті амалдарын дамыту.

    Бұл жерде мұғалімнің мектеп директорымен қарым-қатынас жасаудағы жағдайларын қарастырамыз. Мұғалім мектеп директорынан жыл ортасында ден саулығына байланысты демалыс беруін өтінуі немесе қатысушылар практикасында кездескен  басқа да жағдайларды ойнауға болады.

   Бұл жаттығуды талқылау алдынғы жаттығудың схемасы бойынша жүреді.

 

«Эмоция » жаттығуы.

 

    Мақсаты: Мұғалім бойында артистизм, эмоционалдылық, иілгіштік, оқушылармен қарым-қатынаста образдық пен тірлік техникаларын дамыту.

    Топ жарты шеңбер болып отырады. Әрбір қатысушы психологиялық жұмбақ жасырады. Жұмбақты бет әлпет қимылы, позасы, іс-әрекеті, жесті және кейбір нейтральді фразаларды қолдануы, өзі ойланған эмоцияналдық күйлердің біреуін топқа жасыруға болады, топ мүшелері оны табуы қажет.

    Кейіннен психолог мұғалім жұмбақты қаншалықты шеше алғандығы жайында ойланауға, ол өз күйін демонстрациялауда қандай сыртқы амалдарды қолдануда қайсысы  ( бет, қол, интонация және т.с.с) мәндері болып келетіндігі жайлы ойлануды ұсынады. Мысалы: дерективті дауыс немесе «мұғалімдік» қатты мүсін.

                      

 


Просмотров: 4475
Дата создания: 06.12.2011
Дата редактирования: 06.12.2011

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource